Жер реформасы жөніндегі комиссия ұсыным әзірлеуге тиіс – Ералы Тоғжанов

1014

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысын бабаларымыздың: "Жер – ырыстың кіндігі, еңбек – ырыстың қазығы, бірлік – ырыстың тізгіні" деген сөзімен ашты. 

Жер реформасы жөніндегі комиссия ұсыным әзірлеуге тиіс –  Ералы Тоғжанов

Басқосу барысында премьер-министрдің өкімімен құрылған жер реформасы жөніндегі комиссияның құрамына 80 адам енгені жарияланды деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Жер реформасы жөніндегі комиссияның құрамына ауыл шаруашылығы саласындағы қауымдастықтар мен бірлестіктердің өкілдері, агробизнестегі беделді азаматтар, парламент депутаттары, жергілікті атқарушы орган өкілдері, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының  өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, журналистер топтастырылды. Барлығы 80 адам", – деді премьер-министрдің орынбасары. 

Ералы Тоғжановтың сөзінше, комиссия мүшелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қатынастары саласын дамыту мәселесі бойынша ұсыным әзірлеуге тиіс. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу