Биыл 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша "Жер сағаты" дүниежүзілік акциясы басталады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Берілген 1 сағат - әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамдар жарық пен электр құрылғыларын өшіретін уақыт, оған қоса мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықты сөндіреді.
"Барлықтарыңызды акцияға бірге қатысуға шақырамыз!", - деп Министрлік барлығымызды акцияға атсалысуға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу