"Жер сағаты": ертең бір сағатқа жарықты өшіруге дайынсыз ба?

247

22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін Қазақстанның экология министрлігі азаматтарды "Жер сағаты" экологиялық акциясына қосылуға шақырады. 

"Жер сағаты": ертең бір сағатқа жарықты өшіруге дайынсыз ба? Фото: Новая Сибирь

Бұл жаһандық бастама климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Акция аясында миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын өшіріп, табиғатты сақтауға үлес қосады.

Министрлік халыққа үндеу жасап:

– Үйіңіздегі жарықты бір сағатқа сөндіріңіз, бұл туралы жақындарыңызға айтыңыз. Табиғатқа ұқыпты қарау – әрқайсымыздан басталады, – деп атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу