Бұған қоса, Қарасай ауданының экс-прокуроры Жансейіт Аязбаев өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, әділет кеңесшісі атағынан айырылды.
Анықталғандай ол қызмет бабын пайдаланып, бір ер-азаматқа көмектескен. Яғни Шамалған ауылынан алынған 6 гектар жерді өзінің жеке шаруашылығы үшін деп көрсеткен. Нәтижесінде учаскенің кадастрлық бағасы шамамен 1 млн теңгеден 37 млн теңгеге дейін өскен. Ал сыйақы ретінде Аязбаев 1,128 гектар жерді алған. Оны бөліп, жеке тұлғаларға сатқан. Азаматтардың біреуі тіпті үй тұрғызып үлгерген. Бүгінде сот шешіміне сәйкес, заңсыз рәсімделген учаскі мемлекеттік жер қорына қайтарылды.