Жаһандық жылынуымен қатар, мұхит бетінің қызуына Тынық мұхитындағы Эль-Ниньо (El Niño) табиғи құбылысы да үлкен әсер етіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл табиғи цикл мұхит тереңіндегі жылуды сыртқа шығарып, жаһандық температураны тіпті арттыра түседі.
Еуропалық теңіз мониторингі қызметінің мәліметіне қарағанда, маусым айында мұхиттағы су бетінің орташа температурасы 21 градусқа дейін көтерілген. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Әсіресе Жерорта теңізі мен Тынық мұхитында су қалыптан тыс жыли түскен.
Сарапшылар бұлай кете берсе теңіздер тасып, табиғи апаттар жиілейді деп қауіптеніп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу