Жер шетелдіктерге сатылмайды – Президент

1356

Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылы Жер кодексіндегі шетелдіктерге жер сатуды көздейтін нормаға жарияланған мораторидің күші жойылатынын еске салды.

Жер шетелдіктерге сатылмайды – Президент

Президент шетелдіктерге жер сатылмайтынын биылғы Жолдауында да қайталап айтты.

"Келесі жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет. Кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ, аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы бұл саладағы қордаланған мәселелер", – деді Мемлекет басшысы.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу