Жер сілкінгенде не істеу керек?

Жер сілкінгенде қажетті кеңестер.

Жер сілкінгенде не істеу керек? Фото: shutterstock

Алматыдан 269 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Алматылықтар үрейге бой алдырып, үйлерін тастап, көшеге шықты. Әлеуметтік желіде таралған видеолардан көше бойындағы тамақтанатын орындарда жүргенін көруге болады. Осы ретте  Inbusiness.kz тілшісі қандай орындар қауіпті, қай жерде жүруге болмайды деген өзекті сұрақтарды Жетісу облысы ТЖД өкілінен сұрап көрді.

Жетісу облысы ТЖД ресми өкілі Назерке Смағұлова бірнеше кеңес берді.

"Жер сілкінісі жағдайында бірнеше жүріс-тұрыс қағидасын сақтаған жөн.

1. Егер үй-жайда болсаңыз терезелер мен пештерден алыс тұру керек;

2. Берік жиһаз астына тығылуға болады;

3. Есік ойықтарына, ішкі қабырғалардың бұрыштарына қауіпсіз саналады;

4. Баспалдақ пен лифтілерді пайдалануға болмайды;

5. Мүмкіндігінше көшеге ашық жерге шығуға тырысу керек;

6. Құлап бара жатқан заттар мен сымдардан сақ болыңыз.

7. Ыстық су мен бу құбырлары, сондай-ақ газбен жабдықталған жүйе өте қауіпті.

Ол сондай-ақ төтенше жағдай кезінде эвакуация туралы хабар берілетінін айтты.

"Эвакуацияға жауапты тұлғаның бұйрығына сай әрекет жасап, қарттар мен науқастарға көмек көрсету абзал. Ең әуелі ауа райына сай киініп, құжаттарды, құнды заттарды алу қажет. Тұрғын жайдағы, кеңседегі электр қуатын, газды, суды, пешті сөндіруді ұмытпаңыз!",  - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу