Жер сілкінісі кезінде әлеуметтік желі арқылы арандатушылық тудырған 925 аккаунт менеджері анықталды

1033

Зілзаладан соң әлеуметтік желіде арандатушылық мазмұндағы жазбалар жариялаған 925 аккаунт менеджерінің 548-не қатысты сот ісі қозғалды.  

Жер сілкінісі кезінде әлеуметтік желі арқылы арандатушылық тудырған 925 аккаунт менеджері анықталды Фото: Daily Storm

Ұсталған 134 күдіктінің 25-і қамауға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның қауіпсіздік бас басқармасының мәліметіне сәйкес, киберқылмыспен күрес департаменті қылмыс және қылмыскерлермен күресу мақсатында интернетте тәулік бойы виртуалды патрульдік қызметті жүзеге асырады.

Жер сілкінісінен соң қоғамда қорқыныш пен дүрбелең тудыру мақсатында әлеуметтік желілер арқылы арандатушылық жасады деп танылған 925 аккаунт менеджерінің 548-іне қатысты сот ісі қозғалды. Бүгінде бас прокуратураның нұсқауымен ұсталған 134 күдіктінің 25-і қамауға алынды.

Сонымен қатар, жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келгендердің ниетін пайдаланып "фишинг" әдісі арқылы алаяқтықпен айналысқан 81 сайт жабылды. Ресми мекемелердің атын жамылып халықтан ақша талап еткен әлеуметтік желідегі 15 аккаунтқа қатысты қажетті шаралар қабылданды. Сондай-ақ, "жер сілкінісі аймағына көмек" тақырыбын қолдана отырып, ақша жіберуді сұраған 6 криптоактив әмияны да бұғатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу