Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына ұшақтар қона алмады

1760

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына ұшақтар қона алмады Фото: inbusiness.kz

 Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына 5 әуе кемесі қонуы керек болған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

23 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.10-да Алматыда жер сілкінісі болды, ол әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің "мұнарасында" айтарлықтай сезілді.

Аэродром ауданында қонуға бет алған 5 әуе кемесі болды, оның ішінде 1 ұшақ қонып үлгерді. 4 әуе кемесі жер сілкінісі туралы хабардар етілді және әуе қозғалысын басқару органдарына тапсырумен аэродром аймағында күту ұйымдастырылды. Осыдан кейін аэродромды басқару орталығының басшысы мұнарадан эвакуациялауға шешім қабылдады.

Аэродромды басқару орталығында әуе қозғалысын басқару 20 минутқа созылды. Одан әрі жерасты дүмпулері тоқтаған соң, аэродромды басқару орталығы қайтадан жұмысын бастады.

Қонуы тиіс 4 ұшақтың бірі — Астана-Алматы бағытындағы Эйр Астананың КС-856 рейсінің ұшағы Түркістанның қосалқы аэродромына қонды.Қалған үшеуі еш қиындықсыз Алматы әуежайына қонды.

Сағат 00: 39-дан бастап әуежай штаттық режимде жұмыс істей бастады. Қосалқы аэдромға аттанған КС-856 рейсі Түркістаннан 02.32-де Алматыға ұшып, 03.34-те сәтті қонды.

Кезекші ауысым күтпеген жағдайда жоспарға сәйкес әрекет етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу