Жер сілкінісі салдарынан 500-ден аса турист тауда қалып қойды

864

Индонезияның Ломбок аралында 6,4 магнитудалық жер сілкінісі болды. 14 адам көз жұмып, 160 адам жарақат алды.

Жер сілкінісі салдарынан 500-ден аса турист тауда қалып қойды

Индонезияның Ломбок курорттық аралында жер сілкінісі салдарынан 500-ден астам турист Ринжани тауында қалып қойды. Бұл туралы құтқару қызметіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.

Құтқарушылар тауда қалып қойғандарға көмек көрсетіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысып жатыр. Құтқару операциясы Ринджани тауындағы ұлттық парк қызметкерлеріне жүктелген. Олар барлық турист бір күн ішінде эвакуацияланады деп сендіруде.

Еске сала кетсек, жексенбі күні Индонезияның Ломбок аралында 6,4 магнитудалық жер сілкінісі болды. 14 адам көз жұмып, 160 адам жарақат алды, ондаған ғимарат құлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу