Жер сілкінісі: Жедел штабқа 800-ден астам қоңырау түскен

1194

Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда.

 Жер сілкінісі: Жедел штабқа 800-ден астам қоңырау түскен Фото: gov.kz

Республикалық жедел штабтың кезекті отырысына азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және ТЖМ аумақтық бөлімшелері қатысты.

Жергілікті атқарушы органдармен және ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бейнеконференцбайланыс өткізу барысында ТЖ министрі ТЖ жағдайында қауіпсіз және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тартылған азаматтық қорғау қызметтерінің жұмыс барысы туралы жаңартылған баяндамаларды тыңдады.

Жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 800-ден астам қоңырау келіп түсті.

ҚР ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 15:07-де Алматы қаласының аумағында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 164 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Осыдан кейін 15 сағат 23 минут және 15 сағат 24 минутта ҚР аумағында сезілмеген дүмпулер болды. 18 сағат 09 минутта эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 252 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында ҚР аумағында сезілмеген жер сілкінісі тіркелді.

Алматы облысының аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша 19 объектіде жарықтар табылды.

"Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу