Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін емес

318

Мегаполистегі қабылдау пункттеріне 3 мыңға жуық адам жүгінді. 

Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін емес Фото: Үкімет

Оның 906-сы бала. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыда болған жер сілкінісі бойынша жағдайды баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кеше болған жер сілкінісі бойынша министрлік бірінші минуттардан бастап қажетті шараларды үйлестірді. Азаматтардың арасында үрейді болдырмау үшін жер сілкінісі және халықтың одан әрі әрекеттері туралы хабардар етуді бастады. Сөйлеу дабылы, сирена және жергілікті объектілер жүйелері тартылып, телерадио каналдары арқылы жеткізу жүзеге асырылды. Республикалық және өңірлік жедел штабтар ашылып, 384 азаматты қабылдау пункті ұйымдастырылды. Тәулік бойы жедел желі жұмыс істеуде. Кеше қабылдау пункттеріне 3 мыңға жуық адам орналасты. Оның ішінде 906 бала", - деді ТЖМ басшысы.

Сөзінше, әкімдіктермен қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жалғасып жатыр. Бұдан басқа министрліктің әуе кемесімен сел қаупі бар аумақтарды аэровизуалды зерттеу жүргізілді. 

"Алгоритмге сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды. Қазір Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жер сілкінісін кез келген төтенше жағдай секілді алдын ала болжау мүмкін емес. Бұл жолы халықтың көп бөлігі үрейге ұшыраған жоқ", - деп атап өтті министр.

Шыңғыс Әрінов ел бойынша сейсмикалық жағдай тұрақты деп сендіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу