Жер сілкінісінен кейін "112" желісіне қанша қоңырау шалынды?

Жер сілкінісінен соң алматылықтардың абдырап қалғаны анық.  

Жер сілкінісінен кейін "112" желісіне қанша қоңырау шалынды? Фото: Дзен

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасы "112" желісіне қоңыраудың көп соғылғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ресми жарияланған мәліметке сенсек, 11:30-дағы жағдай бойынша қала тұрғындарынан Алматы қаласында – 104, Алматы облысында 120-ге жуық қоңырау келіп түскен. 
ТЖМ жер сілкінісі кезінде не істеу керегін еске салып, SMS-хабарламаның неліктен келмегенін айтқан еді. 

– Хабардар ету жүйелері қарқындылығы 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автоматты режимде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкініс қала аумағында 3 балл болды, - деп ақпарат таратты департамент.

Айта кетейік, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде байқалды. 

Күнделікті режимге оралу үшін мамандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 
Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында жер сілкінгенін бұған дейін де жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу