Жер сілкінісінен кейін Жетісу облысында жедел желі жұмысын бастады

233

Мамандар кеңес беруге және сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.

Жер сілкінісінен кейін Жетісу облысында жедел желі жұмысын бастады Фото: almaty.tv

Талдықорған маңында тіркелген жер сілкінісіне байланысты Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға арналған жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар келесі нөмір арқылы Сізге кеңес беруге және сұрақтарыңызға жауап беруге дайын: 8 (7282) 32-44-36

ТЖМ жедел қызметтері жергілікті атқарушы органдарды, полицияны және басқа да бейінді қызметтерді хабардар етті.

"Тұрғындарды сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", –  делінген хабарламада.

Осыған дейін бүгін, 2026 жылғы 4 маусымда сағат 21:22–де Алматы тұрғындары жерасты дүмпуін сезгені туралы жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу