Жер сілкінісінен соң республикалық автожолдар шұғыл тексеріліп жатыр

287

Жамбыл облысында 3 күн бұрын магнитудасы 4,5 балдық жер дүмпуі тіркелді.  

Жер сілкінісінен соң республикалық автожолдар шұғыл тексеріліп жатыр Фото: gov.kz

Соған байланысты республикалық маңызы бар автожолдар шұғыл түрде тексерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

"ҚазАвтожол" мамандары Меркі, Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Шу және Тұрар Рысқұлов аудандарын аралап, тас жолдардың жай-күйін жіті қарап шықты.

Бас-аяғы 14 жол айрығы, 8 теміржол өткелі мен ауыл шаруашылығы техникасына арналған 10 жол бөлігінің беріктігі сынақтан өткізілді.

Сонымен қатар 39 көпір мен 2 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің техникалық жағдайы тексеруден өткізілді. Нәтижесінде мамандар жол бойында ешқандай ақау жоқ екенін анықтады. Сондықтан көлік қозғалысына ешқандай шектеу жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу