Жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

1335

Жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Алдын ала мәлімет бойынша Қытайдың Сычуань провинциясында болған жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл мәліметті Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов таратты.

Сілкініс жергілікті уақыт бойынша 21.19 –да тіркелген. Оның қуаттылығы зілзала ошағында 7 балға жеткен. Соңғы мәлімет бойынша, табиғат апатынан 12 адам көз жұмып 175-і түрлі деңгейдегі жарақат алды. Ең қиыны мамандар қаза болғандар қатары бұдан екі есе көп болуы мүмкін екенін айтуда. Зілзаладан ішінде шамамен 2 мың адамы болған қонақ үйдің қабырғалары біршама қираған. Қытай билігі қауіпті аймақтан 40 мыңға тарта адамды эвакуация жасады. Қазір құтқару жұмыстары жалғасуда. Қатты жер тербелісінен кейін жолдар бүлініп, қатынас нашарлаған. Жер дүмпуін Қазақстанның да бірқатар аймағы сезінді. Алматы, Талдықорған, Жаркент қалаларындағы тербелістің қуаттылығы 4 балды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу