Жер сілкінісінің қаупі бар аймақтарда ескерту жүйесінің шығындары тексеріледі

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 

Жер сілкінісінің қаупі бар аймақтарда ескерту жүйесінің шығындары тексеріледі Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жер сілкінісі қаупі бар аймақтардағы ескерту жүйесінің шығындарының негізділігін зерттеуге кірісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Мемлекет басшысының жер сілкінісі туралы ескерту жүйесінің жағдайын зерделеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшыларымен жедел кеңес өткізді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы барлық жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда 2018-2023 жылдар аралығында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды тапсырды. Оларға Алматы қаласымен қатар Шымкент, Абай және Жетісу облыстары, сондай-ақ, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары кіреді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті тиісті аудиторлық тексеріске бастама жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу