Жер телімдері онлайн аукцион арқылы сатыла бастады

667

Электрондық сауда-саттық арқылы мемлекет меншігінен жер учаскелерін беру жөніндегі жоба іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жер телімдері онлайн аукцион арқылы сатыла бастады

Аталған жобаны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен, Ауыл шаруашылығы және Әділет министрліктерімен, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен және облыстық әкімдіктермен бірлесіп іске қосқан.

"2022 жылғы 22-24 маусымда Қызылорда облысындағы екі жер учаскесі сәтті сатылды. Олардың бірі бастапқы бағасы 1,5 млн теңге болған кезде "электрондық" балға арқылы 2,8 млн теңгеден астам қаржыға, ал екіншісі 246 мың теңгеге, 396 мың теңгеге сатылды", – деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Ақтөбеде тағы үш жер телімі саудаға шығарылды, аукцион 8 шілдеге белгіленген. Бұдан бөлек, Алматы облысындағы екі жер учаскесін сату жоспарланған.  

Жобаның мақсаты – клиенттер үшін де, мемлекеттік органдар мен ведомстволар үшін де бизнес-процестердің барлық спектрін автоматтандыру. Бұл ретте субъект өзінің жүгіну барысын түпкілікті нәтижеге дейін бақылай алуы тиіс.

Сауда-саттыққа Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.

Онлайн-ауцион мемлекеттен жер сатып алу процесін ашық әрі түсінікті етуге, сондай-ақ осы саладағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге септігін тигізеді.

Аталған тәжірибе бүкіл республика бойынша таратылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу