Жер телімдерінің шекарасын заңсыз өзгерткен мемкорпорация қызметкерлері сотталды

152

Шенеуніктер 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Жер телімдерінің шекарасын заңсыз өзгерткен мемкорпорация қызметкерлері сотталды Фото: freepik

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі өз күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Олар Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды.

Тергеу барысында сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталды.

"Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгеден астамды құрады", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу