Жер телімінің кезегіне тұрып жатыр

1121

Жер телімінің кезегіне тұрып жатыр

Ақмола облысының аймағында жеке үй құрылысы үшін жер телімін алу кезегіне 110343 адам тіркелді, деп хабарлады Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі.

ҚР Жер кодексінің 44-1 бабына сәйкес азаматтардың жер телімін алу туралы өтініштері әлеуметтік есепке алынып, пайдалануға жер телімі дайын болған жағдайда немесе бос жер болған жағдайда беріледі.

Сондай-ақ жер телімі сол аймақта барлық қажетті коммуникация тартылған жағдайда ғана беріледі.

Ал  елді мекендерде жер телімі орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі болмағандықтан электр жарығы тартылған жағдайда ғана беріледі.

Жер телімін беру кезекке сәйкес жүргізіледі. Ал  бұл тізімді Ақмола облысы мен аудан әкімдіктерінің, Көкшетау мен Степнагорск қалалары әкімдіктерінің сайтынан көруге болады.

Айта кетерлік жайт, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер телімдері уақытша пайдалану құқығы негізінде 3 жылға (жалға) 0,10 га көлемінде беріледі. Осы уақыт аралығында азамат жер телімін толық игеріп үлгеруі тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу