Жер учаскесін қайта рәсімдеу процесі реттелмеген

179

Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылары оларға тиесілі болмайтын жер учаскесіне құқықтарды қайта рәсімдеу міндеттері көзделген. 

Жер учаскесін қайта рәсімдеу процесі реттелмеген Фото: Kazaknews.kz

Бұл шектеулер Жер кодексінің 23, 33-баптарында көрсетілген. Алайда, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, қайта рәсімдеу процесі әлі күнге дейін реттелмеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қолданыстағы тетік бойынша жер учаскелерінің жозықсыз бұрынғы иелері оларды үлестес компаниясын қолдана отырып, аукционда сатып алу арқылы жерді өздеріне сақтап қалу мүмкіндігіне ие. Мұндай компанияның нарықтық бағадан әлдеқайда жоғары баға ұсыну арқылы жерді өзінде сақтап қала алады, өйткені аукционнан түскен қаржы қайтадан жердің бұрынғы иесінің шотына түседі. Бұл ретте игерілмеген жер учаскесі аукционда сатылмаған жағдайда ол, Жер кодексіне сәйкес, арнайы жер қорына есептелуі тиіс. Қор ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тек ауыл шаруашылығында пайдалану мақсатында құрылады. Іс жүзінде қорға қала аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы және ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес барлық игерілмеген жерлер кіреді. Ол жерлерді одан әрі пайдалану мүмкіндігі жоқ", – деп түсіндірді вице-министр.

Осы мәселені шешу үшін заң жобасы шеңберінде мынандай өзгерістер көзделіп отыр:

  • Орталық уәкілетті мемлекеттік орган меншіктегі заңсыз жер учаскелерін қайта рәсімдеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыретін енгізу.
  • Бұрынғы меншік иесін оның сатып алу құнын ғана өтей отырып, қайтарылған жерлерді өткізуден түскен айырма табысты бюджетке қайтару.
  • Бұрын алынған және елді-мекенді дамытуға пайдалану үшін арнайы жер қорындағы жерлерді қолдану.

Бүгін мәжілісте Астана мен басқа да республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша Заң жобасы қаралып жатқанын еске саламыз. Заң жобасы 1 Кодекске және 6 Заңға өзгерістер енгізуді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу