Жер үйде жарылыс болды

1220

Зардап шеккендердің ішінде үш бала бар. 

Жер үйде жарылыс болды

Ақтөбе облысында жер үйде жарылыс болып, тоғыз адам зардап шеккен. Оның үшеуі – кішкентай балалар, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Оқиға 11 сәуір күні шамамен сағат 16:00 шамасында болған. Хромтау ауданына қарасты Ақжар ауылындағы жер үйде белгісіз нәрсе жарылып, соның салдарынан үйдің кіре берісі мен қабырғалары түгелімен құлап қалады. Аудандық өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы  оқиға орнына  дереу жетіп, 12 сағат 29 минутта өртті толық өшіреді.  Өрт 90 шаршы метр жерді шарпыған. 

Оқыс жағдай кезінде үйде болған тоғыз адам ауруханаға жеткізілген. Оның ішінде, 6,7 жастағы балалар мен  жаңа туған сәби бар.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жеке тұрғын үйден өрт шығып, болжам бойынша газ баллоны жарылғанын және балаларды күйік шалмағанын хабарлаған. Алайда басқа нұсқалар да айтылуда. 

"Жарылған газ емес. Басқа ақ ұнтақ зат екен. Оны үйге біреу алып келіпті. Қазіргі күні екі әйел жансақтау бөлімінде, қалғандары әтүрлі дәрежедегі күйікпен бөлімшелерде жатыр", дейді Хромтау аудандық ауруханасынан. Оиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу