250 картина мен мүсіндер үшін түскен қаражат шамамен 4 миллион еуроны құрады, деп жазады inbusiness.kz.
"Сауда-саттыққа қатысушылардың көпшілігі аукционда нақты Депардье коллекциясы болғандықтан келді. Сонымен қатар, актердің өзі коллекцияны ашық сауда-саттық арқылы таратуды жөн көрді", - дейді Сауда-саттықты ұйымдастырушы Ксавье Доминика.
ТАСС хабарлауынша, коллекцияның шамамен 95%-ы өзінің жаңа иесін тапты. Негізінен ХХ ғасырдағы суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстары сатылды. Ең қымбат туынды Жермен Ришьенің "Жаяу адам" қола мүсіні болуы керек, ол 500-800 мың еуроға бағаланды, бірақ актер мүсінді сату туралы шешімін өзгертті.