Француздың әйгілі актері Жерар Депардье сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен Париждегі полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Жерар Депардье сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Парижде ұсталды. Қазір ол полиция бөлімшесінде тергеліп отыр, тергеу аяқталғаннан кейін актер қамауға алынуы мүмкін.
"Екі әйел актердың үстінен сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп шағым түсірді, олардың айтуынша, бұл жайт 2014 жылы "Маг и сиамцы" (Magicien et les Siamois, 2015), 2021 жылы "Зеленые ставни" (Les Volets verts, 2022) атты екі фильмнің түсірілім алаңында болған. Алайда Жерар Депардье тағылған айыптарды жоққа шығарды", - деп жазды басылым.
Актердің үстінен арыз жазған әйелдердің бірі Депардье дәлізде отырған кезде оның аяғынан ұстап, жамбасына қол тигізгенін айтқан, кейін оның ұятты жерлеріне қол сұғып, жыныстық қарым-қатынасқа түсуге ұсыныс жасағанын мәлімдеді. Содан соң, әйелдің сөзіне сүйенсек, түсірілім тобының өзге мүшелері әйелге көмекке келген.