Жерар Фриес дүкенге Франциядан әкелген дорбасымен барады

1206

Шетелдік азамат осылайша қоғамды полиэтилен пакеттерден бас тартуға үндемек.

Жерар Фриес дүкенге Франциядан әкелген дорбасымен барады

Қазақстан-Франция сауда-өнеркәсіп палатасының "Қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы" атты форумы өтті. Жиында сөз алған Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов бүгінде елдегі ірі сауда өкілдерімен меморандум жасалғанын, олардың полиэтилен дорбаны тегін беруден бас тартуға дайын екенін жеткізді.

"Халықаралық тәжірибе аталмыш дорбаны ақылы етсе, қолданыс көлемі 30-40%-ға  кемитінін көрсетіп отыр",– дейді вице-министр. 

Ал шараны ұйымдастырушы Қазақстан-Франция сауда сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерар Фриес болса, өзінің полиэтилен дорбамен қалай күресетінін айтып берді.

"Мен дүкендерде өзіммен бірге Франциядан әкелген дорба пайдаланамын. Дүкендегілер маған таңданып қарайды. Неге өзіммен бірге дорба алып жүретінімді түсінбей жатады. Мен пайдаланатын дорбалар қайта өңделеді. Бұл әрекетімді қоғамға үлгі көрсету немесе үн тастау деп санаймын", – деді Франция өкілі.

Форум барысында Францияның қалдықтарды кәдеге жарату, қоршаған ортаны қоқыстан қорғау тәжірибесін Қазақстанға енгізу тетіктері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу