Жерде 4 маусымда ең күшті магнит дауыл болады

4139

Нәтижесінде Жерде солтүстік шұғылалары көрінеді. 

Жерде 4 маусымда ең күшті магнит дауыл болады Фото: freepik

Мамандар 4 маусымда ең күшті магниттік дауыл болатынын болжады. Күн сәулесінде жоғары деңгейдегі жаңа алау пайда болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1 маусымда 23:30 шамасында Күнде жоғары деңгейдегі алаулар Жерге плазма бұлттарын лақтырды. Мамыр айында Күнде бүкіл әлем бойынша 20 жылдағы ең қарқынды геомагниттік дауылдар болған.

"Мамыр айының ортасында G5 деңгейіндегі геомагниттік дауылдарды тудырған 3663 және 3664 Күн дақтары қайта пайда болды. Дегенмен олар күннің екінші жағында орналасқандықтан жаңа атаулармен аталады. Ескі 3663 аймақ қазір 3691 деп, ал ескі 3664 аймақ қазір 3697 деп аталады. Басында бұл аймақтар Марсқа әсер етсе, қазір Жерге тарауда", - деп түсіндірді NOAA ғарыштық ауа-райын болжау орталығының ғалымдары.

Ғалымдар келесі 12 күн ішінде осы екі аймақта тәждік массаның бөлінуіне әкелетін қатты алау пайда болуы мүмкін екенін болжап отыр. Дегеомагниттік дауылдың әсерінен 10 мамырда Жерде Солтүстік шұғыласы көрінеді.  

Күнде 3 күн ішінде 5 жоғары деңгейлі алау болған. Олардың ішіндегі Жер үшін ең қауіптісі 29 мамырда орын алды. 

"Алдыңғы дауыл кезінде Күн сәулесі бірнеше миллион шақырым қашықтықта Жердің жанынан өтті. Бұл жолы күн массалары Жерге тікелей түседі. Жарылыс орталығы Күн-Жер сызығына өте жақын. Ал плазмалық бұлт дәл планетаға бағытталған", - деп түсіндірді Ресей Федерациясының қолданбалы геофизика институтының ғалымдары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу