Жерден 3 млн шақырым жерден ірі астероид ұшып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғалымдардың атап өтуінше, көлемі зәулім үймен бірдей немесе Челябі метеоритінен 13 есе үлкен 230 метрлік аспан денесінің ұшу жылдамдығы сағатына 45 мың шақырымды құрайды. Астрономдар метеоритті жеті жылдан бері бақылап келеді, деп хабарлайды "Астрахань FM". Оның Жердің маңынан ұшып өтуі ғаламшарымызға қауіп тудыруы мүмкіндігі айтылуда. Ол жермен соқтығысқан жағдайда соққының күші Хиросимадағы ядролық жарылыстың бір емес, 300-іне тең келер еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу