Жерді атадан балаға мұра ретінде беру дұрыс па?

1272

Жер атадан балаға мұра ретінде берілуі керек! Кеше жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында осындай ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Жерді атадан балаға мұра ретінде беру дұрыс па?

Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы бұл бірқатар түйткілді шешеді деген сенімде.  

"Бірінші, жердің Қазақстан азаматтары үшін 49 жылға жалға берілуін шегеру қажет. Онымен қоса, жалға алу құқығын сақтай отырып, жердің атадан балаға мұра болып қалуын қамтамасыз еткен жөн. 49 жыл пайдалану құқығы біткен соң, сол жер пайдаланушы немесе оның ұрпағы әрі қарай пайдалануға алу үшін басым құқыққа ие болуы керек", – деді Жигули Дайрабаев.

Айта кетесек, 2016 жылы Қазақстанда Жер кодексінің жекелеген баптарына мораторий енгізілген еді. Ең даулы мәселеге Президенттің өзі нүкте қойғаны есте. Қасым-Жомарт Тоқаев жер шетелдіктерге сатылмайды да, жалға да берілмейді деді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жеке меншікке сатылмайтыны, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, Халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға жалға берілмейтіні туралы айтты. Ал ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке беру және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алу құқығын иеліктен шығару сияқты екі мәселе әзірше күн тәртібінде тұр. Кеше өткен жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында дәл осы түйткілдер көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу