Жерді мақсатына пайдаланбағандардың аты-жөні ашық жарияланады

1725

Шаруалармен жолыққан аймақ басшысы өз кәдесіне жаратпай, бос жатқан жер иелері туралы мәліметті жариялауға пәрмен берді.

Жерді мақсатына пайдаланбағандардың аты-жөні ашық жарияланады

Бұдан былай жерді мақсатына пайдаланбағандардың аты-жөні ашық жарияланады. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев дәл осылай деді.

Шаруалармен жолыққан аймақ басшысы өз кәдесіне жаратпай, бос жатқан жер иелері туралы мәліметті жариялауға пәрмен берді.

Облыстың жалпы аумағы 15 млн 133 мың гектар болса, оның 6907 гектары ауылшаруашылығындағылардың қолдануында. Соңғы бірнеше жылдың мәліметінше, 1805 учаскенің жерді пайдаланбағаны анықталған. Ол шамамен 1млн 532 мың гектар аумақты құрайды.

Айта кетейік өңірде 1122 мың гектар жер мақсатына қолданбағаны үшін мемлекет меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу