Жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толық тыйым салынады

919

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деді. 

Жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толық тыйым салынады

Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасын мақұлдау барысында айтылды, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Бүгінгі мақұлданып отырған жер қатынастары туралы заң жобасының Қазақстан қоғамында маңызы да, орны да ерекше. Себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген құжаттың нәтижесінде халқымыздың назарында жүрген сұрақ бойынша нақты шешім қабылданды. Енді жерімізді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толықтай тыйым салынады", – деді Н. Нығматулин. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу