banner

Жерге астероид жақындап келеді

1858

"Роскосмос" мамандары Жер шарына челябисктегі метеориттің көлеміндей астероид жақындап қалғанын хабарлады. 

Жерге астероид жақындап келеді

"2019 жылдың 6 қарашасында шағын астероид анықталды. "Астрономиялық ғылыми орталық" АҚ зерттей келе астероидтың гелио орталық орбитасында тұрғанын айтты",-деді "Роскосмос" мамандары.

Мамандардың бағалауынша аспан денесінің үлкендігі 10-15 метрдің шамасында. Бұл 2013 жылдың 15 ақпанында Челябинск маңында құлаған метеориттің көлемімен бірдей.

"Роскосмос" астероид пен Жер орталығы арасының қашықтығы 139 мың 410 километр екенін хабарлады. Ол Жер шары айналасына ғарыштық мониторинг жасау барысында анықталған.

"Халықаралық астрономиялық одақтың Шағын ғаламшарлар орталығы зерттей келе астероид бұрын анықталмағаны, күннен күнге Жерге жақындап келе жатқанын мәлімдеді",-деді "Роскосмос".

Бұдан бөлек, аталған ақпаратты 8 қараша күні Ұлыбританияның Great Shefford, АҚШ-тың Astronomical Research Observatory, Westfield обсерваториялары да растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу