Жерге қарай жақында ғана ашылған сирек комета ұшып келеді

369

Астрономдар Нисимура кометасын тамыз айында ғана тапты. 

Жерге қарай жақында ғана ашылған сирек комета ұшып келеді Фото: kap.s-news

12 қыркүйекте таң атқанға дейін Жер тұрғындары бір апта бұрын ашылған кометаны өз көздерімен көре алады. Бұл туралы британдық Independent жазады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Халл университетінің Е.А.Милн атындағы Астрофизика орталығының директоры, профессор Брэд Гибсонның айтуынша, ғарышта сағатына 240 000 миль жылдамдықпен қозғалатын нысанды қазірдің өзінде көруге болады. Ол үшін күн батқаннан кейін бір сағаттан кейін не таң атуға бір сағат қалғанда шығыстан солтүстік-шығысқа, Ай мен Венераның орағына қарау қажет.

"Комета Күн жүйесін айналып өту үшін 500 жыл, Жерге бір жыл, ал сыртқы планеталарға он жылдан астам уақыт керек болады", - деді профессор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу