Жерге түкірген Мәжіліс депутаты айыппұл төлейтін болды

546

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров қазақстандық телеарналардың бірінің тікелей эфирінде сөйлеп тұрып, жерге түкіргені үшін 15 900 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жерге түкірген Мәжіліс депутаты айыппұл төлейтін болды

"Полиция департаменті видеоны зерттеді. Жалпы пайдалану орындарын ластау фактісі бойынша осы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

5 АЕК (1 АЕК – 3180 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты телеарнаның тікелей эфиріне қосылып, Екібастұз қаласындағы апатқа қатысты жағдайды жеткізу кезінде жерге түкіріп жіберген.

Аталған мәселеге қатысты Е.Саиров әлеуметтік желідегі парақшасында түсінік берген еді.

"Біріншіден, қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам, кешірім сұраймын.

Екіншіден, кеше кешке Екібастұзда өте аяз болды, далада тұрғандықтан осындай жағдай болды.

Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек.

Біз қоғам алдында әрбір қадамымыз үшін жауап беріп, азаматтарға жүріс- тұрысымызды түсіндіріп отыруымыз қажет деп есептеймін.

Тағы да қолайсыздық үшін кешірім сұраймын!

Мен ел алдында әрқашан ашық болуға тырысамын", - деп жазды депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу