Жергілікті агломерация кеңестері құрылады

Өңірлер деңгейінде шешімін таппаған мәселелер республикалық Агломерациялар жөніндегі кеңестің қарауына жіберіледі.  

Жергілікті агломерация кеңестері құрылады Фото: КТК

"Агломерацияларды дамыту туралы" заң жобасы аясында оларды басқарудың жаңа үлгісі енгізілуде. 

Бұл туралы Сенат отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Заң жобасы аясында агломерацияларды басқарудың жаңа үлгісі енгізілуде. Аймақтық деңгейде Жергілікті агломерация кеңестері құрылады. Олар агломерация аумағын үйлестірілген түрде дамыту үшін нақты мәселелерді шешу бойынша қала мен іргелес облыстың жергілікті атқарушы органдарының өзара іс-қимыл алаңы ретінде жұмыс істейтін болады", – деді ведомство басшысы. 

Жергілікті кеңестің құрамына екі әкімдіктің және мәслихаттардың өкілдері, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

"Жергілікті кеңес агломерацияны дамытуды қолдауға бағытталған міндеттер мен шаралар бойынша ұсыныстар әзірлейді. Осы орайда, орнықты әлеуметтік-экономикалық әрі үйлестірілген дамуды қамтамасыз ету мақсатында Жергілікті кеңес агломерацияны дамытудың кешенді жоспарын дайындайды. Кешенді жоспар қаржыландыру көлемі мен көздерін, іске асыру мерзімдерін, жауапты орындаушыларды, іске асырылатын нәтижелерді қамтитын болады", - деді Әлібек Қуантыров.

Агломерацияларды дамыту жөніндегі өңірлер деңгейінде шешімін таппаған мәселелер республикалық деңгейде Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналатын Агломерациялар жөніндегі кеңестің қарауына жолданады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу