Жергілікті биліктен күдер үзген шаруалар Президенттен көмек сұрады

425

Көмір мәселесін шешіп беру үшін Президенттен көмек сұрады. Түркістан облысындағы жылыжай иелері өңірде қатты отынның тапшы екенін, оны жергілікті биліктің шеше алмағанын айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына үндеу жолдады.  

Жергілікті биліктен күдер үзген шаруалар Президенттен көмек сұрады Фото: otyrar.kz

"Көмірдің жоқтығынан мына артымыздағы жылыжайда құлап ішіндегі өнімі көкке ұшты. Көмірдің тапшылығын жергілікті уәкілетті орган шешіп бере алмады. Сізден көмек сұраймыз", дейдә шаруалар.

Көмір тапшылығына жол берген 3 шенеунікке сөгіс жарияланды

Шаруалардың пайымынша өңірде биыл қатты отын өте тапшы. Бар көмірдің өзі сапасыз. Салдарынан бірнеше жылыжайдағы жылыту қазандықтары істен шығып, пісіп тұрған талай өнім үсіп кеткен. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек өңірде көмір тапшылығынан 167 шаруаға тиесілі 40 гектардай жылыжай бүлінген. Оның ішінде жауған қарды көтере алмай құлап қалған жабық алаңдар да бар. Кейбір жылыжай иелері көктемде пісуі тиіс болған көкөніс көшеттерін отырғыза алмай отыр. Бұл мәселеден өңір әкімі де хабардар. Ол, көмір тапшылығына алып-сатарларды кінәлайды. Ал, оған жол берген үш бірдей шенеунікке бүгін сөгіс жарияланды.

"Трейдерлер қаржысын төлеген. Бірақ осы уақытқа дейін көмірді аламай отыр. Сондай-ақ аудан қала әкімдері өздеріне жүктелген міндеттерді төмен дәреже орындап салдарынан халық зардап шегіп отыр. Сол үшін мен бірінші орынбасарыма энергетика және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына сөгіс жариялаймын", дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу