Жергілікті бюджет 5 млрд теңгені игере алмады

977

Үкімет отырысында қаржы министрі Ерлан Жамаубаев жергілікті бюджет шығысы туралы мәлімде жасады.

Жергілікті бюджет 5 млрд теңгені игере алмады Фото: inbusiness.kz

Қаржыны ұқсата алмағандардың арасында республикалық маңызы бар 2 қала мен 3 облыс бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жергілікті бюджеттің шығысы 2,1 трлн теңгені құрады. 28 млрд теңге атқарылмаған. Биыл өңірлерге 1,9 теңге сомасында нысаналы трансферт көзделген. Ол үшін 1 мамырға 456 млрд теңге бөлінген. Оның 98,9% игерілген. 5 млрд теңге игерілмеген. 1 млрд теңгесі үнемделген, 4 млрд теңге жұмсалмаған", – деді министр. 

Ерлан Жамаубаевтың сөзінше, қолда бар қаржыны Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары игере алмаған. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу