Жергілікті бюджеттен 69 млрд теңге игерілмеген – Қаржы министрлігі

285

Ең көп игерілмеу 4 өңірде қалыптасты. 

Жергілікті бюджеттен 69 млрд теңге игерілмеген – Қаржы министрлігі Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, жергілікті бюджет шығыстары 10 трлн теңгені құрады.

"Атқарылмағаны –  294 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қарашаға 1 трлн 261 млрд теңге бөлінді. Оның 94,4%-і игерілген", - деді Дәурен Темірбеков.

Бұдан бөлек ол 71 млрд теңге атқарылмағанын атап өтті. Оның ішінде 2 млрд теңге үнемдеу болса, 69 млрд теңге игерілмеген.

"Ең көп игерілмеу Астана және Алматыда, Маңғыстау және Ақмола облыстарында қалыптасты", - деп түсуіндірді Қаржы вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу