Жергілікті бюджеттер 230 млрд теңгеден қағылды – ҰЭМ

974

Олқылық республика бюджетінен толтырылады.

Жергілікті бюджеттер 230 млрд теңгеден қағылды – ҰЭМ

Карантиндік шектеулер шағын және орта бизнестен түсетін 230 млрд теңгенің түсімін желге ұшырған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов айтты.

"Шағын және орта бизнестің қызметі тоқтатылуына байланысты бюджетке түсуі керек төлемдердің кейбірі доғарылды. Бұл жергілікті атқарушы органдардың табысы деуге болады. Бүгінде жергілікті бюджеттер шамамен 230 млрд теңге кірістен қағылып отыр. Бірақ қазірдің өзінде шешім шығарылды. Аталмыш олқылық республика бюджетінің есебінен толтырылады", – деді министрлік өкілі.

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу