Жергілікті бюджеттер шығыны 36%-ға артты

698

8 айда 4,7 трлн теңге жұмсалған.  

Жергілікті бюджеттер шығыны 36%-ға артты

2020 жылдың қаңтар-тамызы аралығында жергілікті бюджеттер шығыны 4,7 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 35,5%-ға артқан. 2019 жылдың сәйкес кезеңінде жергілікті бюджеттер шығыны 3,5 трлн теңгені құраған, деп хабарлады finprom.kz. 

Қаржы министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйегінде бұл сома 5,6 трлн теңгені құраған. Шығындардың 99,5%-ы игерілсе, 30 млрд теңге әлі жұмсалмаған. Қаржыны толығымен игермеген өңірлер қатарында — Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен елорда бар.

Ал 8 айдың қорытындысы бойынша ең көп, яғни 530,5 млрд теңге қаржы жұмсаған өңір – Түркістан облысы. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 23,1%-ға жоғары. Одан кейінгі орында 444,5 млрд теңгемен Алматы мен 421 млрд теңге жұмсаған Алматы облысы тұр. 

Сонымен қатар Шымкент (1,8 есе, 240,1 млрд теңге) пен Нұр-Сұлтан бюджетінің (1,5 есе,  327,9 млрд теңге) шығыны артқан.  

Бұл сомалардың үштен бірі – 1,7 трлн теңге білім беру саласына жұмсалған. Ал тұрғын үй шаруашылық саласына 763,7 млрд теңге, көлік және коммуникацияларға 401,5 млрд теңге шығындалған. Ал жергілікті бюджеттер есебінен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру көлемі керісінше 10,1%-ға қысқарған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу