Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам субвенция беріледі – Дариға Назарбаева

1061

Бүгін Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференция өтуде.

Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам субвенция беріледі – Дариға Назарбаева

2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам субвенция беріледі. Бұл туралы бүгін Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бюджет – бұл қаладағы, ауылдағы, елдімекендегі адамдардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етудің басты тетігі. Мәслихат депутаттары әкімдіктермен бірге өз өңірінің, өзінің елдімекенінің бюджет қаражатын тиімді бөлу үшін бірдей жауапкершілікке ие", – деді ол.

Сенат төрағасы 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам сомаға субвенция беру жоспарланып отырғанын айтты.

"Субвенция көлемінің өсімі облыстық және қалалық мәслихаттарға, тексеру комиссияларына барынша жоғары талап қояды. Басымдықтарды дұрыс таңдап, сапалы жоспарлау қазақстандықтардың өмірін жақсартуда шешуі рөлге ие болады", – деді Дариға Назарбаева.

Айта кетсек, субвенция жергілікті өкімет органдарына немесе халық шаруашылығының жекелеген салаларына белгілі бір мақсат үшін берілетін мемлекеттің қаржылай жәрдемі. Дегенмен қойылған талаптар мен шарттар бұзылған жағдайда кері қайтарып алынатын мақсатты қаржыландыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу