Салықтық түсімі көп өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың кенжелеп қалуын сынға алған Президенттің ескертпесінен кейін Ұлттық Экономика министрлігі жаңа бастамаларға бет бұрды.
Ведомство ұсынған жоба облыстардың дербестігін нығайтып, әкімдердің қолын ұзартатын көрінеді.
Яғни салық алымдары жергілікті бюджеттен әрі аспай, аймақтық қазынада қалатын болады. Осылайша, әр өңір өз табысын өз қажеттіліктеріне жаратуға мүмкіндік алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу