Жергілікті бюджеттің кірісі 23%-ға артты

1581

Бұл тізімде Түркістан облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр. 

Жергілікті бюджеттің кірісі 23%-ға артты

2019 жылдың қаңтар-қарашасында жергілікті бюджеттің кірісі 23,1%-ға жоғарылап, 5,3 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады Finprom.kz.

2018 жылдың сәйкес кезеңінде кіріс  бар болғаны 1,4%-ға артып, 4,3 трлн теңгені құраған. Осылайша жергілікті бюджет бойынша жоспар 104,1%-ға орындалды. 
Өңірлерге ең жоғары кіріс транстферлер бойынша түскен. Ол жалпы соманың 57%-ы, яғни, 3 трлн теңге. 

Бұл ретте салықтан түскен қаржы 8%-ға артып, 2,1 трлн теңгені құрады. (бір жыл бұрын 2 трлн теңге). Ал негізгі капиталды сату мен салықтық емес кіріс 87,6 млрд  теңге және 61,7 млрд теңгеге жетті.  Егер өңірлер бойынша алсақ ең көп кіріс Түркістан облысының жергілікті бюджетіне түскен. Яғни 683,3 млрд теңге. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 31%-ға жоғары. Одан кейінгі Орында Алматы және Алматы облысы тұр. Аталған аймақтардың бюджетіне 515,9 млрд және 468,8 млрд теңге кіріс кірген. Ал ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан (181,8 млрд теңге), Маңғыстау (195,6 млрд теңге) және Солтүстік Қазақстан (199,3 млрд теңге) өңірлерінде тіркелген. 

Сонымен қатар жергілікті бюджетті толық игермеген аймақтар тізімі жасалған. Көш басында 12 млрд теңгені игермеген Түркістан облысы, 8 млрд теңгемен Нұр-Сұлтан және 7 млрд теңгемен Шымкен қаласы тұр. Бұл қаражат жұмыс істеу және қызмет көрсету кестесінен қалып қоюға, келісім-шарт жасаспауға байланысты игерілмеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу