Жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры құрылды

786

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев "Шеврон" компаниясы жергілікті қамту үлесін дамытуға 248,5 млн доллар инвестиция бөлуге ниеттеніп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры құрылды

"Шеврон" компаниясы жергілікті қамту үлесін дамытуға 248,5 млн доллар инвестиция бөледі. Бұл компанияның Қазақстан алдындағы қайта инвестициялау міндеттемелері шеңберінде жүзеге асады. Инвестициялар технология мен IT, базалық тауарлар өндірісі және мұнай-газ секторына арналған жабдықтардың жекелеген түрлерін құрастыру және қоршаған ортаны қорғау салаларына бөлінеді", – деді министр. 

Бұдан кейін Мағзұм Мырзағалиев биыл жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қоры құрылғанын, ол "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңына тіркелгенін жариялады. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу