Жергілікті кәсіпкер Ақтөбе қаласының 150 жылдығына жерасты жолын тарту етті

1087

Жерасты жолының ашылуына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы арнайы қатысып, жомарт кәсіпкерге алғысын білдірді.

Жергілікті кәсіпкер Ақтөбе қаласының 150 жылдығына жерасты жолын тарту етті

"TransMostGroup" ЖШС басшысы Төлеген Таңатаров өз қаржысынан қаланың мерейтойына үлкен сыйлық жасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Жерасты жолының ашылуына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы арнайы қатысып, жомарт кәсіпкерге алғысын білдірді. Барша тұрғынды қаланың гүлденуіне атсалысуға шақырды. Ұзындығы 23 метр, ені 4 метр, биіктігі 2,5 метрді құрайтын жерасты жолының жалпы құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды. Қалада жол оқиғасы көп тіркелетін Некрасов және Шығанақ Берсиев көшелері қилысында орналасқан нысан бір айдың ішінде толықтай салынып біткен.

Қабырғалары сырланып, түрлі-түсті суреттермен көмкерілген жерасты жолы енді электр тоғымен қамтылып бейнекамералар қондырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу