Жергілікті компаниялар елдегі қантқа деген сұраныстың 43%-ын қамтамасыз етті

625

Саладағы өндіріс 2,5 есе өсіп, қант импорты қысқарды.

Жергілікті компаниялар елдегі қантқа деген сұраныстың 43%-ын қамтамасыз етті

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 195,5 мың тонна қант өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,5 есеге артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірлер бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр: 117,9 мың тонна, бір жылда өндіріс 2 есе артты. Одан кейін Алматы облысы тұр: жылына 4,6 есе өсіп, 74,6 мың тоннаны құрады. Екі жетекші өңірдің үлесіне бірден сектордағы барлық өндірістің 98,5%-ы тиесілі.

Бір қызығы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде қант өндірісі 41%-ға төмендеп, небәрі 147,5 мың тоннаны құрады. Саладағы өнім көлемінің төмендеуі 5 жыл қатарынан (2016 жылдан бастап) байқалды.

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар қантқа деген сұранысты 43,4%-ға қамтамасыз етті, бір жыл бұрын көрсеткіш 15,4% болатын.

Импорттың үлесі тиісінше 56,6%. Осы кезеңде өндіріс көлемінің айтарлықтай артуына байланысты импорт бірден жылына 42,6%-ға, яғни 175,4 мың тоннаға дейін қысқарды.

Ішкі сатылым 307,9 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 11%-ға аз.

Биылғы жылдың қыркүйек айында еліміздегі базарлар мен дүкендерде қанттың келісі орта есеппен 284 теңгеден сатылды. Республиканың ірі қалалары мен мегаполистерінің ішінде ең қымбат қант елордада (320 теңге), Атырауда (315 теңге) және Павлодарда (301 теңге), ең арзаны Таразда (245 теңге).

Өңірлік тұрғыда қант бағасы Шымкентте айтарлықтай өскен – бірден 53,3%-ға.  Бағаның айтарлықтай өсуі Түркістан (45,1%) және Батыс Қазақстан (44,9%) облыстарында да байқалды.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу