Жергілікті маңызы бар 200 шақырым автожол жөнделеді

952

Өткен жылы Қостанай облысының көлік инфрақұрылымына 66 млрд теңге бағытталды. Бұл –  рекордтық көрсеткіш.  

Жергілікті маңызы бар 200 шақырым автожол жөнделеді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің сөзінше, бөлінген қаражат 775 шақырым автожолды қалпына келтіруге және жөндеуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Архимед Мұхамбетов облыстың барлық аудандары мен қалаларының көшелері жөнделгенін жариялады. 

"Нәтижесінде жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі – 69% -дан 75%- ға дейін өсті", – деді облыс басшысы. 

Оның айтуынша, жол жөндеу жұмысы ары қарай жалғасады. Болашақта 200 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар автожол мен елдімекендердің 100-ден астам көшесіндегі жол қалпына келтіріледі. 

"Жыл қорытындысы бойынша бөлінген қаражатты ескере отырып, "жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі" 77% құрайтын болады", – деді Архимед Мұхамбетов. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу