Жергілікті органдар мектеп салуға кедергі жасауда

1254

Ал оқушылар саны жыл сайын артуда.  

Жергілікті органдар мектеп салуға кедергі жасауда

Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша мектеп салуға кедергі жасауда, деп хабарлайды Atameken Business.   

Бұл мәселені Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер талқылады. Олардың айтуынша, қазіргі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы заңды өзгерту енгізу керек.

Санаққа жүгінсек, былтыр Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша 70 мектеп салынған. Олардың бірнешеуі ғана тегін оқытады. Көрсеткіштің тым аз екенін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мойындайды. Оның үстіне, елде 122 білім беру ордасы үш ауысымды жүйемен жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу