Шара "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн!" атты республикалық акция аясында өткізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
"Жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты: отбасы – тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ, тұрмыс саласындағы қылмыстарға жол бермеу", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Тәртіп сақшылары жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында халық арасында ҚР заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу