"Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда" күріш көрме-жәрмеңкесі басталды

1057

Бүгін Қызылордаға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация мүшелері ауыл шаруашылығы  нысандарының жұмысымен танысып, "Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда" атты 2 күндік күріш көрме-жәрмеңкесіне қатыспақ, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда" күріш көрме-жәрмеңкесі басталды

Алдымен Үкімет басшысының орынбасары Сырдария ауданындағы "Мағжан и К" ЖШС күріш ақтау және тұз өндіру зауыттарының жұмысымен танысты. Заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған және бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылатын кәсіпорын азық-түлік тауарларының бірқатар түрін шығаруда.

Әрі қарай Серік Жұманғарин "Абай-Даулет" ЖШС  күріш зауытын және күріш сататын арнайы дүкенін аралады. "Жан Арай" ЖШС агроөнеркәсіп кешенінің қуаттылығы 4000 тонна қойма құрылысымен танысты.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары күріш көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Көрме-жәрмеңкені республика көлемінде күріш бағасын тұрақтандыру мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Сауда және интеграция министрлігі бірлесіп ұйымдастырған. Оған барлық облыс әкімдерінің салалық орынбасарлары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация төрағалары және  ел өңірлерінен 120-дан астам кәсіпкер қатысуда.

Көрмеден кейін Серік Жұманғарин  мәжіліске қатысып, Қызылорда облысының бизнес-қауымдастығы өкілдерімен кездеседі.

Ертең Үкімет делегациясы Сыр өңірінің су шаруашылығы нысандарына барып, "Абзал және К" ТС күріш алқабын аралайды. Сондай-ақ Н.Ілиясов ауылының абаттандыру жұмыстарымен,  әлеуметтік нысандарымен танысады деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу