Жерлесіміз қол күресінен әлем чемпионатында "алтын" иеленді

1095

Жерлесіміз қол күресінен әлем чемпионатында "алтын" иеленді

ШҚО-ның спортшы Деши Дурсаева Венгрияда қол күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында "алтын" иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлан аудандық әкімдігінің қолдауымен жаттықтырушы Ерлан Уәлиевтің тәрбиеленушілері Деши Дурсаева пен Ораз Басаров әлем чемпионатына қатысты. 2017 жылғы Азия чемпионы, 2017 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Деши Дурсаева әлем біріншілігінде бірінші орын алды.

ШҚО Ұлан ауданының тумасы, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін  Азия чемпионы, бес дүркін Қазақстан чемпионы Ораз Басаров екінші орын иеленді. Ол халықаралық класты спорт шебері, қазіргі уақытта Семейдегі олимпиада резервінің өңірлік колледжінде білім алып жатыр.

Айта кетейік, Венгрияда жыл сайын дүниежүзілік қол күресі федерациясының  қолдауымен өтетін ірі халықаралық қол күресі жарысы өткізіліп  жатыр. 2 қыркүйек күні Будапешт қаласында басталған чемпионат 11 қыркүйекке дейін жалғасады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу